«Атамекен» ҰКП экс-басшысы ұсталды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол алаяқтыққа және кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді. Антикоррупциялық қызмет мәліметіне сай, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. Абылай Мырзахметовтың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Арман Тлеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілері туралы антикоррупциялық қызметке және call-орталыққа 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.