Жаңаөзенде еңбек заңнамасын бұзудың 130 дерегі анықталды

Мемлекеттік еңбек инспекциясы «Өзенмұнайгаз» бен мердігер ұйымдардың 130 мәрте еңбек заңнамасын бұзғанын анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмысқа алынған 50 адамның мамандығы басқа болып шықты. Тиісті құжаттар жергілікті прокуратураға жөнелтілді.

Жалпы жұмыс тобы бүгінге дейін 2000-нан аса шағымды тексерген. Сөйтіп, көлік қызметінің жол жүру парақшаларын дұрыс жүргізбегенін анықтады. Енді жеке көлікті қолдану бойынша жүйелі шаралар жіті бақылауға алынбақ. Сондай-ақ жерасты скважиналарын жөндеу барысы да назарға ілікті. Бүгінде Жаңаөзендегі жұмыс тобына өндірістік қауіпсіздік, экология және СЭС мамандары қосылды. Олар өз құзіретіне қарай тексеріс жүргізуге құқылы.