Алматыда май және тоң май өнеркәсібі көшбасшыларының халықаралық конференциясы өтті

Ішкі және сыртқы нарықты қазақстанық май өнімдерімен қалай қамтамасыз етуге болады?

Алматыда өткен май және тоң май өнеркәсібі көшбасшыларының екінші халықаралық конференциясы осы мәселені талқыға салды. Мамандардың айтуынша, қазақстандық өндірушілердің алдында тұрған үлкен мәселенің бірі – логистика. Әсіресе Өзбекстан, Ресей мен Қытай және Балтық елдеріне тауар экспорттау кезінде көптеген кедергілер кездеседі. Кеден бекеттерінде жүк көліктерінің сағаттап кептелісте тұрып қалатыны бар.

Тағы бір мәселе – несиенің қолжетімсіздігі. Шикізат сатып алу кезінде де қиындықтар туындайды. Ал шаруа бағаның тиімді болғанын қалайды. Бұл үшін өндірушілер экспортқа шығаратын өнімнің бағасын көтеру қажет деп есептейді.

Ядыкар Ибрагимов, Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы:

- Осылайша, ішкі нарықта шикізат бағасын өсіруге болады. Осының есебінен ауыл шаруашылық дақылын өндірушілер майлы дақыл алқабын ұлғайта алады. Біздің еліміз жылына 180 мың тонна күнбағыс майын тұтынады. Оның 70%-ін ішкі нарық қамтамасыз етсе, 30%-і Ресейден келеді.