СҚО-да 94 адамды кене шақты

Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айынан бері 94 адамды кене шаққан.

Оның жартысына жуығы 14 жасқа дейінгі балалар.  Науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Абырой болғанда, вирустық энцефалит анықталмаған. Зиянкестердің бұлай жаппай көбеюіне ауа райының күрт жылынуы себеп болды-дейді эпидемиолог мамандар.  Сондықтан  табиғат аясында демалуға шыққанда аса сақ болу керектігін ескертеді. Қансорғыш жәндіктен түрлі жұқпалы ауру тарауы мүмкін.

Серік Аусатов, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:

- Петропавл қаласында 587 гектар жер осы жәндіктерге қарсы зарарасыздандрылады. Ол түрлі демалыс саябақтары. Бұдан бөлек эндемиялық аймақта тұрып жатқан азаматтарға вакцина салынады.  Ол бізде жалғыз - Айыртау ауданы. Яғни оларға епке тегін қойылады.