Уәде: Қостанай облысында жылу жүйесі толық жаңартылады

Өткен қыс мезгілі сыр бермегенімен келесі маусымда төтенше жағдай туындамасына кепілдік жоқ.

Сондықтан Арқалықтың жылу жүйесін қалпына келтірудің үш жылдық жобасы қолға алынып отыр. Биыл мысалы шамамен төрт шақырым құбыр жаңартылмақ. Оған 7миллиард тенгеден артық қаржы бөлініп отыр. Тендер өткізіліп, мердігер анықталған. Ал енді жұмыстың басталуы неге кешеуілдеп жатқандығын қалалық жылу энергетикалық компаниясы директорының орынбасары

Нұрлан Алин Арқалық жылу энергетикалық компаниясы директорының орынбасары

- Мердігер компания келуін келді қалаға, олардың просто материалдары келген жоқ әлі. Бірақ нақты қай жерде ауыстырамыз сол учаскелер белгіленіп қойылды. Бір аптаның әшінде бастап кетуге тиісті жұиыстарын. Ал жоспар бойынша бірінші сентябрге шейін олар аяқтау керек.

Сонымен  35 шақырым жылу құбырының 4 шақырымы биыл ауыстырылса, қалған бөлігі толық 25 жылға дейін жаңартылады - дейді саланың жауапты басшылары.  Сол кезде құбырдың тозығы жеткендііктен далаға кетіп жатқан жылу шығыны біршама азаяды.