Бейжіңде шағын футболдан турнир өтті
Спорттық шара Халық қаһармандары Рахымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24KZ.
Жарысқа Қытайда білім алып жүрген студент жастар, Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметкерлері, дипломаттар мен 7 және 12 жас аралығындағы балалар қатысты. Іс-шара жеткіншектер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізіп, спортпен шұғылдануға баулуға бағытталған. Турнир қорытындысы бойынша Қытай мұнай университетінің командасы жеңіске жетті. Жүлделі екінші және үшінші орын дипломаттар мен Чанпин командасына бұйырды.
Ерік Әубәкіров, жарысқа қатысушы:
- Негізгі мақсат – өскелең ұрпақты осындай салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Дайындық өте жақсы деңгейде деп айтуға болады. Әсіресе біздің мына кішкентай балаларымыз, бүлдіршіндеріміздің командасы өте жақсы техникалық дайындықтарын көрсетіп жатыр. Ән-ұранымызды орындап Бейжің қаласында, көкбайрағымызды желбіретіп, осындай іс-шараны өткізіп жатырмыз.