Ұлытау облысы жаңартылған энергия көздерін арттыруға ниетті

Жезқазғанда қуаты 1,2 мегаВатты құрайтын күн электр станциясының құрылысы аяқталды.

Толықтай инвестициялық қаржыға салынған нысан осы айдың аяғында іске қосылады. 1,5 гектар аумақты алып жатқан электр панельдері жылына 2 млн киловатт энергия өндіруге қауқарлы. Дегенмен, бұл – облыс орталығындағы сұраныстың небәрі 10 пайызын ғана қанағаттандырады. Сондықтан, жергілікті билік энергияның баламалы көздерін одан әрі дамыту үшін тағы бірнеше жобаны қолға алды.

Алмас Жандарбеков облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Бізде өте күн көп шығатын аймақтардың бірі болып есептелеміз Жезқазған қаласы. Осыған орай бұл станция жұмысын бастайды. Бұдан басқа біздің облыста қазір үлкен шара жүріп жатыр. ол Сәтбаев-Жезқазған қаласы арасында үлкен жел электр станциясын салу жобасы бар. Ол станция 100 мегаВаттық болады. Болашақта 200 мегаВаттқа дейін обьемы көтеріледі. Ол станцияда 250 жұмыс орны ашылмақшы құрылыс кезінде.