Ақордада мемлекеттік рәміздер мәселесі талқыланды

Ақордада мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар геральдикасы төңірегіндегі мәселелер талқыланды.

Республикалық комиссияның отырысы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өтті. Жиында рәміздерді пайдалану кезінде кемшіліктерге жол берген өңірлерге ескерту жасалып, стандарттарды сақтау үшін таңбаны дайындайтын мекемелермен жұмыс жүргізу ұсынылды. Отырыс соңында Ерлан Қарин құзыретті органдарға рәміздерді пайдалану және насихаттау бағытындағы жұмыстарды бақылауға қатысты бірқатар тапсырма берді.