Қазақстанға қай елдерден турист көп келеді?

Қазақстанға қызыққан турист көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Aviasales.kz зерттеуіне сүйенсек, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 11%-ке артып отыр. Былтыр Орталық Азия елдері мен Ресей саяхатшылары көш бастаса, биыл Түркия, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия елдерінен ұшып келгендердің қарасы қалың. Шетелдіктер Алматыны жиі таңдайды. Олар көркем табиғатты көріп, тауда серуендеу үшін келеді. Алматыдан кейін Астана, Ақтау, Шымкент қалалары тұр. Сонымен қатар ішкі туризмге деген қызығушылық та 6%-ке артқан.