Елде атом электр станциясын салу қоғамның талқылауына шығарылды

Қазақстандағы энергетикалық тапшылықты жою үшін елімізде Атом электр станциясы салынуы мүмкін деп бірнеше рет айтылды.

Алайда нақты шешім қабылдау мақсатында бұл сұрақ қазір қоғамдық талқылауға шығарылды. Осыған байланысты бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қазақстан үшін тың қуат көзінің экологияға және адам денсаулығына әсері туралы әңгіме өрбіді. Айта кеткен жөн, әлемде 430-ға жуық атом электр станциясы бар. Соңғы шыққан реакторлардың экологиялық қауіпсіздігі жоғары, дейді атом энергетикасы бөлімінің инженері Асуан Сиябеков.

Асуан Сиябеков, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС атом энергетикасы бөлімінің инженері:

- Әрине, осы кезге дейін апатты жағдайдар болды. Фукусима және Чернобыль. Қанша жыл өтті. Ол кездегі реакторлар қазір жаңарды. Сол себепті Қазақстан жаңа буынды 3 және 3+ реакторларын қарастырады.