Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары елге оралды. LIVE

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары елге оралды.

Қазір оларды жанкүйерлер Астананың әуежайынан күтіп алуда.

Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Әрбір әлем чемпионатына, әрбір боксшыға біз 15 мың доллар бөлетін боламыз. Және тек спортшыға емес бапкерге де берілетін болады. Бұл жақсы көрсеткіш қолдау деп есептеуге болады. Министрлік тарапынан биылдың өзінде бүкіл боксқа 400 млн теңгеден астам бөліп жатырмыз.