Павлодар облысында қорадағы малға белгісіз жыртқыш шапты

Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылында, белгісіз жыртқыштар 50-ден астам қойға шапқан.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай екінші рет болып отыр екен. Малшылар бірнеше аптаның ішінде, ондаған аша тұяқтыдан айырылған. Белгісіз жыртқыштар түн қата қораға кіреді екен. Қазір ветеринарлар тиісті тексеріс шараларын бастады. Қырылған малдан сынама алынып, сараптамаға жіберіледі. Кейін нақты шешім қабылданады. Қой мен ешкіге шапқан жыртқыш әлі анықталмады. 

Мират Тиқанов, Ақсу қалалық ветеринарлық қызмет бөлімінің басшысы:

- Шапқан малға толық есептеу жасаймыз. Акт жасаймыз. Қандай, кімнің малы? Кісілердің қосқан малдары бар, соларды есептейміз. Мынау нақты қаңғыбас иттер ме, немесе келген қасқыр ма, біз ол жағын білмейміз. Қазір кісілермен учаскелік полициямен анықтап, сосын айта аламыз.

Қамидолда Қойтанұлы, Үштерек ауылының тұрғыны:

- Енді бұл, не ит екенін, не қасқыр екенін білмейміз. Енді ел болып, жоғарғылар болып, не ит атуға келмейді. Заңменен қудалайды. Осының бәрін реттеп, шешіп берсе дейміз. Бір емес, екі түсті. Тағы түсетін болса, халық малсыз қалады.