Өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық. LIVE

Алда табиғи және дала өртінің қауіпті кезеңі келе жатыр.

Күн ысыған сайын құрғақ шөп пен қамыс өрті жиілейді. Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің алдын алу шараларына дайын ба? Бұл мәселе Үкімет отырысында талқыланып жатыр. Сондай-ақ жауапты министрліктер республикалық бюджеттің атқарылуы және негізгі экономикалық көрсеткіштер жайында баяндауы тиіс.