Шығыста өртке қарсы дайындық күшейді

Шығыс Қазақстандық құтқарушылар өрт өршитін маусымға дайындықты күшейтті.

Аймақта арнайы тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып құтқарушылардың төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеті пысықталды. Әсіресе тұрғындарды тез арада қауіпсіз жерге көшіруді ұйымдастыру назарға алынды. Тактикалық әзірлікке  тікұшақпен қатар 50 техника 190 адам қатысты. Черемшанка орман шаруашылығы 91 мың гектар жерді  алып жатыр. Таулы-қыратты аймақтан өрт шыққан жағдайда өшіру оңайға соқпайды. Былтыр облыс алапат өрттен көз ашпаған еді. Аймақта 11 мың гектар орманды-далалы алқап жанып кеткен болатын.

Нұржан Өміржанов, ШҚО ТЖД Басқарма бастығы:

- Орман шаруашылығы қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеу мақсатында минералданған жолақтар жасады. Жалпы мұндай оқу жаттығулар азаматтық жеке құрам мен құтқарушыларға, орман шаруашылығы қызметкерлеріне өртті сөндіруде өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді.