Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге ₸2 млрд бөлінді

Үкімет Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді.

Жалпы, қала тұрғындарын екі қазандық жылумен қамтамасыз етеді. Ондағы жабдықтар әбден тозған. Қысқа дайындық қарсаңында түтін мұржаларын, қазандық қондырғыларын, газ құбырларын, ауа жылытқыштарын жөндеу және басқа да жұмыстар жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2023-2024 жылдардағы және одан кейінгі жылыту маусымы іркіліссіз өтуі қажет. Айта кету керек, бүгінде Көкшетаудың энергияға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін толыққанды жылу электр орталығы  салынады.