Павлодар облысында Ғабдыл-Уахит хазіреттің 170 жылдығы тойланды

Алғашқы күні «Қазақ елінің ұлы перзенттері» атты ғылыми конференция болып, ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Мерекелік шара тарихи тұлға өмір сүрген Шарбақты ауданында жалғасты. Табиғаты көркем, қарағайлы орман алқабында ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, этноауыл бой көтерді. Рухани мерекеге діни қайраткердің өмірін зерттеп жүрген ғалымдар, зиялы қауым, ақын –жазушылар мен дін өкілдері қатысты.

Сайлау Байбосын, өлкетанушы:

- Халыққа уағыз айтып, болжам жасап, имандылыққа шақырып, жаңағы исламның шарапатын таратады. Міне бұл енді өміріне қатысты әңгімелер. Ал енді ол кісінің әулиелігі, ол кісінің болжамшылдығы басқадай қасиеттері туралы ол көп әңгіме.