ШҚО-да сел қауіп төндіреді

Шығыс Қазақстанда сел және лай көшкіні қауіп төндіретін кезең басталды.

Құтқарушылар мен селден қорғау қызметінің өкілдері сақтық шараларын күшейтті. Әуеден де жерден де су деңгейін бақылауға алды. Мамандар қазір гидрологтармен бірге су деңгейін өлшеп тәулігіне 3 рет мәлімет жинақтайды. Әзірге жағдай тұрақты. Жалпы облыста  лай көшкіні болуы ықтимал 9, ал сел жүруі мүмкін 13  учаске бар.Тау басында 144 мореналық көл тұр. Әсіресе Зайсан Риддер, Алтай ауданында қатер жоғары. Қазір Қатонқарағай ауданындағы Сарымсақты  су қоймасы ерекше бақылауға алынған.

Омар Дүзгінбаев, "Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы:

- Біздің облысымызда ең қауіпті деп Қатонқарағай ауданындағы Сарымсақты су қоймасын айтамыз. Өйткені қауіптілігі сел астында Қатонқарағай ауылы тұр. Сондықтан да біз бүгінгі күні мамандарымыз сол жерге жұмылдырылған. Күнделікті барлық өлшеу беру жұмыстарын жүргізіп отыр.