Елде қант қызылшасының егіс алқабы ұлғаяды

Өңірлерде көктемгі дала жұмысы қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін 13 млн гектар жерге дән себілді. Барлығы 23 млн гектарға егін егіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. Биыл диқандар қант қызылшасы алқабын ұлғайтады. Сондай-ақ егістікте дәнді-бұршақты және жем-шөп дақылдары көбейеді. Шаруашылықтар мемлекеттен 12 млрд теңгеге жуық субсидия алады. Жауаптылар жылда дау шығатын дизель тапшылығы жайында да айтты. Биыл егістікке 419 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тоннаға артық.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Дизель отынына шекті жол берілетін бағаның ұлғаюына қарамастан, АШТӨ үшін баға операторлардың шығыстарын ескере отырып өзгерген жоқ, орташа баға литріне 204 теңгені құрайды. Бұл нарықтық бағадан 31%-ке арзан. Министрлік тарапынан өңірлерге дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мәселе жоқ, 366,6 мың тоннадан астам немесе жоспарланған көлемнің 88%-і жөнелтілді.