Елордада «QazVac: Тайталас» кітабы жарық көрді

Елордада «QazVac: Тайталас» деректі публицистикалық кітабының тұсау кесер рәсімі болды.

Ол пандемиямен күрес кезінде отандық вакцинаны жасап шығарған қазақ ғалымдарының ерлігіне арналған. 250 беттен тұратын оқулықтың лентасын, Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова кесті. Ал оның авторы – Ұлттық Ғылым академиясының Президенті Күнсұлу Закария. Бұл шара, «Пандемия сабақтары – Қазақстанның тәжірибесі» халықаралық форум аясында өтті. Оған, шет елдерден келген сарапшылар қатысты. Жалпы Қазақстан, індетпен күресте 5-ші болып вакцинаны жасап шығарған, ал өндіргендердің арасындағы 6-шы мемлекет. «QazVac»-ті 5 жарым миллионнан астам адам салдырған.

Күнсұлу Закария, ҚР ұлттық ғылым академиясының президенті:

- Вакцинаны шығаратын, өнідеретін алғаш рет Орта Азия Қазақстанда биофармацевтикалық завод салдық. Бүгінгі күні 6,5 миллион доза «ҚазВак »шығарылды. Яғни біздің адамдар сол вакцинаны алып, өздерінің денсаулықтарын сақтаған. Бұл үлкен жұмыстың ішінде ең негізгі еңбегі – отандық ғалымдар, Қазақстанның өзіміздің ғалымдарымыз.

Алтай Көлгінов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Бұл вирус – өте үлкен сабақ болды, сынақ болды. Қанша адамның өміріне қауіп төнді. Өкінішке орай шығындар да болды, экономикаға үлкен салмақ болды. Ең басты мақсат әрбір Үкіметтің – адам өмірін сақтап қалу. Сол кездегі қабылданған қиын, маңызды шешімдер біздің азаматтарымыздың өмірін, денсаулағын сақтауға үлкен көмек берді.