Елде ауыр қылмыстар азайды

Бас прокуратураның мәліметінше, биыл ауыр қылмыстар 23,5%-ға, аса ауыр қылмыстар 29%-ға аз тіркелген.

Адам өлтіру, тонау, қарақшылық пен бұзақылық, саны да қысқарған. Дегенмен, прокуратураны жекелеген қылмыс түрлері алаңдатып отыр. Негізінен ол синтетикалық есірткі саудасы және балаларға қатысты қылмыстар. Бұл туралы үйлестіру кеңесінің отырысында айтты.

Берік Асылов, ҚР бас прокуроры:

- Тұрмыстық жанжалдардан туындайтын қылмыстар қоғамдық резонанс туғызады. Мұндай әрекеттерге жұмыссыздық, табыстың төмендеуі және ішімдік себеп болады. Айта кету керек, былтыр алкольді өнімдер саудасы екі есе өсті. Түнде ішімдік сатуға тыйым салынғанға қарамастан, бұл шектеу жұмыс істеп тұрған жоқ. Біз өңірлерді аралап, сегіз қалада осындай жүйелі проблеманы анықтадық.