«Алтын Орда» базарының қызметін бақылау күшейтіледі

Атышулы «Алтын Орда» базарының мәселесі Үкімет кеңесінде қаралды.

Бас прокуратура және мемлекеттік органдардың тексеру нәтижесінде санитариялық, ветеринариялық, экологиялық, су, еңбек, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, салықтық бақылау, бәсекелестікті қорғау саласында 300-ден астам заң нормалары бұзылған. Кәсіпкерлер тарапынан бизнес жүргізуге қолайсыз жағдайлар туралы шағымдар саны артқан. Бұл жағдай тауар бағасының негізсіз өсуіне әсер еткен. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр «Алтын Орда» базарының қызметін ретке келтіру және бағаны реттеу мақсатында қоғамдық бақылауды ұйымдастыруды тапсырды. Заң бұзушылық толығымен жойылғанға дейін прокуратура, ішкі істер органдары мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардан құралған тұрақты мобильдік топ құру тапсырылды.