3 млн 700 мың оқушы кезекті оқу жылын аяқтады. LIVE

Бүгін Қазақстан мектептерінде 3 млн 700 мыңнан астам оқушы кезекті оқу жылын аяқтады.

172 мың түлектің 6 800-і «Алтын белгіге» үміткер. Дәл қазір елордадағы 59 мектеп-лицейдің 183 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты шара мерекелік концерт, флешмобтармен атап өтіліп жатыр.