Қызылордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылған мүмкіндіктер алаңында мыңнан астам жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар жоспарлы әскерге шақыру және кәсіптік бағдар беруді көздейтін құқықтық-ақпараттық кеңестер берілді. 

Қорқыт сауда үйінің алдындағы шарада тұрғындар «E-GOV» электронды қызмет көрсету бұрышын пайдаланып, дәрігерге кезексіз қаралуға мүмкіндік алды. Жұмыссыз жүргендер мен оқу бітіруші түлектер жұмыс беруші мекеме өкілдерімен тікелей тілдесті.       

Талғат Тілес, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

- Аймағымыздан 611 бос жұмыс орындары және солтүстік, Атырау облыстарынан басқа да өңірлерден 600-ден астам ваканция ұсынылып отыр. 

Мүмкіндіктер керуені аясында жастар кәсіпкерлігін дамытуға баса мән беріліп отыр. Арнайы мамандар кәсіп бастау үшін төмен процентті несие рәсімдеу және баспана алу жөнінде құқықтық кеңес берді.

Феруза Нұрлан, колледж бітіруші:

- Бұл жәрмеңке бізге өте пайдалы болды. Өйткені көптеген мамандық пен тігіншілік бойынша жеке кәсіпкерлермен байланыстық.

Зәуре Үксімова, қала тұрғыны:

- Мүгедектерге колледждерде тегін гранттық мамандықтар көрсетіледі екен және мына жерде ХҚКО мамандарына ұсыныс тастап кеттім. Мен сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдар теміржол билетке тапсырыс берген кезде қиындықтар туындайды қатынау мәселесі бойынша. Сондай бұрышты ХҚКО мекемелерінде ашылса екен.

Шарада спорттық сайыстар да өтті. Жылжымалы жәрмеңке және консультация автобусы 30 маусымға дейін барлық ауданды аралайды.  

Авторлары: Қамбар Бекенов, Нұржан Мұзарапшин.