Астанада «The Planet of ART» гала-концерті өтті

Астанада «The Planet of ART» гала-концерті өтті

Астанада Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының ұйымдастырумен «The Planet of ART» Халықаралық жастар фестивалінің музыкалық циклі өтті.

Гала-концертте көрермен назарына әлемдік музыка мәдениеті мен отандық композиторлардың шығармашылығы тоғысқан «Жүрегіміз бірлікпен үндессін» атты бағдарлама ұсынылды. Биылғы фестивальдің ерекшелігі – заманауи өнерді жастар тілінде түсіндіру, насихаттау. Финалда вокалдық, аспаптық және хореографиялық бағыттар бойынша 5 мыңнан астам қатысушы ішінен іріктелген 12 мен 18 жас аралығындағы 42 лауреат бақ сынады. Олар Бейбітшілік мәдениетінің елшісі атанды. Дарынды жастар жұртшылыққа өздерінің шеберлігі мен өнері арқылы ұмытылмас музыкалық қойылым сыйлады.

Болат Ақшолақов, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі:
- Негізі бұл фестиваль Алматы немесе Астана қаласында өткізілетін. Бірақ соңғы 2 жылда өңірлерде өткізуді шештік. Мысалы былтыр Ақтөбе облысында өткен, ал биыл Павлодар облысында өтті. Енді осы гала-концерт Астана қаласында өтіп жатыр.