Ақтөбе облысында балалар демалысын мемлекет өтейді

Ақтөбе облысында әлеуметтік осал топ санатындағы 16 мыңнан астам оқушы жазғы лагерлерде тегін демалады.

Сауықтыру орындарының көбі мектеп жанындағы орталықтарда жұмыс істейді. Бірақ балалар қала мен өңірдің көрікті жерлерін сапарлап, суға шомылып, театр, музейлерді тамашалай алады. Арнайы санаттағы балалардың демалысы жергілікті қазынадан өтеледі. Бұл мақсатқа 394 миллион теңге бөлінді. Жалпы биыл жазда 155 мыңнан астам оқушының тынығуын ұйымдастыру көзделген.

Дінмұхамед Жасұланұлы, оқушы:
- Мен бесінші рет келіп тұрмын осы лагерьге. Әр күн сайын қаланың көрікті жерлеріне барып, өзіме мен күшті әсер аламын.

Аркен Мұқамбетәзиев, мектеп жанындағы лагерь басшысы:
- Осы жаз бойынша осы мектепте 600-ге жуық баланы қамтылады. Мысалы, бірінші аусымда 190 бала қамтылып отыр, оның ішінде, 150 бала бюджет есебінен. Ол жерде көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары. Лагерь демалушылары көптеген ойын сауық орталықтарына, тағы сол сияқты керемет жерлерге саяхат жасайтын боламыз.