Жетісу облысы бір жылдығын атап өтті

Жетісу облысының халқы қайта құрылған әкімшілік аумақтың бір жылдығын атап өтті.

Аймақ тұрғындарының еселі еңбегінің нәтижесінде өңір алғашқы төрт облыстың қатарына қосылған. Салтанатты шарада концерттік бағдарламадан бөлек, облыстың дамуына үлес қосқан азаматтарға сый құрмет көрсетілді. Ауыл шаруашылығымен айналысатын Александр Хильниченко «Еңбек адамы» атанса, «Атымтай жомарт» аталымы бойынша аккумулятор зауытының бас директоры Ербол Әжмағанбетов марапатталды. «Әлеуметтік сала» номинациясына Роза Ақжаркенова лайық деп танылды. Ол 15 жылдан бері «Ерлік» қоғамдық бірлестігі арқылы тағдыр тәлкегіне ұшыраған мүгедек жандарға жан-жақты көмек көрсетіп келеді.

Роза Ақжаркенова, Талдықорған қаласының құрметті азаматы:
- Мен тек қана келген адамға қол ұшын берсем екен деп ойлаймын. Оның үстіне мүгедек балалар келеді, қиыншылығын айтады оларға көмектессем мен үшін бақыт деп ойлаймын. Марапат алғаныма әрине қуаныштымын. Бірақ жыл болды ғой. Мен өзім ойлаймын, бес алты жылдан кейін менің Жетісу облысым ең керемет облыс болады деп ойлаймын.