Семейге еліміздің оңтүстігінен көшіп келген отбасы тігін цехын ашты

Үш баланың анасы Жазира Қозыбаева екі жыл бұрын Шымкенттен облыс орталығына қоныс аударған.

Сол кезде мемлекеттен бір миллион теңгеден астам қайтарымсыз несиеге қол жеткізді. Қазір шебер кәсібін дөңгелетіп отыр. Оның қолынан шыққан ұлттық киімдер мен той жабдықтарына бүгінде сұраныс жоғары.  

Жазира Қозыбаева, қала тұрғыны:
- Мақсатым – Семей халқына кішкене үлесімді қосып, қазақиландырсам деген ниет бар. Тігін саласына қызығушылықпен келдім. 2019-да келдім. Бірақ кішкентайымнан қызығамын. Иненің көзін түртпейтін қазақ жоқ деп ойлаймын. Осыларды дамытқым келеді. Шеберханамды үлкейткім келеді, жұмысшылар алғым келеді.