Ақтөбе облысында қызыл жалынды ауыздықтау шарасы өтті

Ақтөбеде маневрлік тепловоз жанып, оның ұшқынынан құрғақ өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалынды ауыздықтауға қалалық және аудандық өрт сөндірушілер, еріктілер, орманшылар мен дәрігерлер қатысты. Барлығы 300-ге жуық қызметкер. Қуанышқа орай, бұл оқу жаттығуы болатын.

Сценарий бойынша нақты жоспарланған іс-шаралар өртті тез және үйлесімді түрде сөндіруге мүмкіндік берді. Тактикалық жаттығудан кейін қатысушылар талдау жүргізіп, жіберілген қателіктерін ескерді.