Абай облысында халыққа волонтерлер көмектесіп жатыр

Абай облысындағы алапат өртпен арпалысып жатқан азаматтарға қала тұрғындары мен волонтерлар да қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр.

Оқиға орнында 80-ге жуық волонтёр жүр. Бұдан бөлек Семей, Өскемен, Астана қалаларынан 100-ден аса адам игі іске атсалысты. Қаладағы кәсіпкерлер де өрт басында жүрген жандарға азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізіп жатыр. Мысалы бұған дейін ірі сауда орталығының қызметкерлері өртке жақын ауылдарға  екі жүк көлігімен зат жеткізді. Бүгін тағы екі көлік отқа оранған аймаққа аттанады.

Марат Құрманбай, волонтёр:

- Біз де міне екі-үш күн болды өзіміздің көмегімізді халық болып, кәсіпкерлер болып көмектесіп жатырмыз. Сол жақта қызмет етіп жатқан қазіргі мына төтенше жағдай бойынша істеп жатқан азаматтар көп. Соларға керек нәрселерді жеткізіп жатырмыз. Сондықтан азаматтық борышымыз деп ойлаймыз біз.