Жамбыл облысында дала өртінің қаупі жоғары

Жамбыл облысында өрт қауіпсіздігін сақтамаған 108 азамат жауапқа тартылды.

46 тұрғынға 900 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Тәртіп бұзғандар орманды алқапта от жағып, қоқыс өртеп, темекі шеккен. Өрттің алдын алу үшін аймақта мобильді топтар құрылған. Оның құрамында құтқарушылар, жергілікті полиция мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары бар. Олар мамыр айынан бастап рейдке шығып келеді. Жалпы биыл аймақта 17 өрт оқиғасы тіркелді. Оның ауқымдысы Байзақ ауданында болып, 365 гектар жерді шарпыған. Қазір Шу, Мойынқұм, Меркі,  Тұрар Рысқұлов және Байзақ аудандарында дала өртінің қаупі жоғары боп тұр.

Мақсат Әкімбаев, ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы

Ауылдық округтерде 165 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылды. Олардың саны 2128 адамды құрады. Олар 508 техника бейімделген өрт сөндіруге арналған, тракторлы техника және де сабалақ өрт сөндіруге арналған құралдарымен жабдықталды. Материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында облыс әкімімен 280 миллион теңге қаржы бөлінді. Оған тиісті өрт сөндірк техникаларын және соқалы трауторды алу жоспарланып отыр.