Қарағандыда қала жолдары жөнделе бастады

Қарағандыда биыл қалаішілік жолдардың сапасына жіті мән беріле бастады.

Бұған дейін мамандардың салғырттығынан күзде төселген асфальт көктемде қармен бірге еріп кететін. Енді жергілікті билік байқауға қатаң талаптар қойды. Яғни, жол салушы мекеменің материалдық-техникалық базасынан бастап, тәжірибесі де сарапқа салынады.

Қарағандыдағы «Космонавтар» көшесінің жолы осыдан 7 жыл бұрын жөндеуден өткен. Онда да тек сыртқы жабындысы ғана ауыстырылған. Тәулігіне он мыңдаған автокөлік өтетін жол тозып, жүргізушілердің орынды ренішін туығызатын. Қазір көлік иелері жаңа жобаның аяқталуын асыға күтіп жүр.

Береке Халилин, қала тұрғыны: 

- Көшені кеңейтіп жатқандары өте дұрыс. Себебі автокөліктердің жүруіне оңай болады. Осы маңайда базар орналасқан, сауда үйлері орналасқан келіп кетеін қала қонақтарына да, қала жүргіншілеріне де бұл өте жақсы жұмыс. Көктем осы көшлереді су басып, «ямалар» атокөліктердің жүруіне кедергі болатын. 

Бұл учаскеде қазір 4 шақырымдық жол толықтай жаңартылады. Төрт жолақты жол көлік кептелісін жеңілдетіп, қиылыстар мен бұрылыстар жаңадан салынады. Бастысы көктем мен күзде жиналатын су ағынын реттейтін қондырғы салынады. Бұған дейін қарағандылықтар бұл көшемен жүзіп өтетін.

Геворг Согоян, жоба жетекшісі:

- Ұзындығы 2,5 шақырымдық су өткізу қондырғысы болады. Ол жерде 4 үлкен су жинағыш орнатамыз. Бұл әдісті біз Астана қаласында қолданып көргенбіз. Нәтижесі жақсы. Тәжірибеміз жеткілікті.   

Биыл атқарушы билік жол құрылысына мердігер таңдағанда өте мұқияттық танытты. Ұсынылған жобалар салалық сараптамадан өтті. Мердігер мекемеден сапалы жол құрылысына қажетті қаражатты үнемдемеуді талап ететін болады.

Григорий Ботнарь, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының м.а:

- Салалық экспертизаның қортыныдысын алған мердігер мекеме мемлекеттік сатып алу байқауына қатысқанда бағаны шартты түрде 5 пайыздан артық түсірмеуге міндеттенеді. Бұл өз кезегінде жол құрылсының сапасына, техникасы, тәжірибесі жоқ бір күндік алдамшы фирмалардың бюджеттік жобаға қатыса алмауына ықпал етеді. 

Биыл қала бойынша 72 шақырым жол ретке келтіріледі. Оның орташа жөндеуіне 6 млрд теңге қарастырылып отыр. Сондай-ақ, жеке сектордағы 50 көшенің жолына бетон төселеді.  

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Марина Золотарёва, Сайлау Игіліков