Павлодар облысында тері аурулары көбейіп барады

Павлодар облысында тері ауруларының созылмалы түріне шалдыққан науқастар саны артты.

Бұрын сирек кездесетін, псориаз бен, дерматит жас сәбилер арасында белең алып отыр. Оның басты себебі, экологияның нашарлығына келіп тіреледі. Дұрыс тамақтанбау да ауруды ушықтыра түскен. Сарапшылар адамдардың күйзеліске бой алдыруы тері ауруларының көбеюіне себеп болатынын айтады. Ауылдық жерлерде білікті мамандардың тапшылығы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Жыл басынан бері жас балаларда псориаздың екі жағдайы анықталыпты. Сонымен қатар дәрігерлерді витилиго ауруы алаңдатады. Облыста осы аурумен ауыратындар саны екі есе өскен.

Гүлнәр Бейсекенова, облыстық аурухананың бөлімше меңгерушісі: 

- Витилиго - бауырдағы ферментативті метаболизмнің бұзылуынан пайда болады. Біз оны емдеуде басқа мамандармен өзара әріптестік орнатамыз. Сонда жұмыс нәтижесін береді. Екі жыл бұрын 13 адам осы аурумен ауырса, 2022 жылы 37 науқас тіркелді. Бұл өте көп.