Абай облысында гуманитарлық көмек жинау тоқтатылды

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады.

Қазір тұрғындарға қажетті заттар толық жетеді. Өңірге кеше тағы бірнеше жүк көлігі келді. Жалпы Қазақстан бойынша 40 тонна жарма, макарон өнімдері, қант, ұн, сонымен қатар екі тоннадан аса ет, шұжық және 32 мың литр су жиналды. Тез бүлінетін тағамдар өрт сөндіріп жүрген адамдарға жөнелтілді. Төтенше жағдайдан кейін ашылған арнайы есеп-шотқа ел азаматтары 500 миллион теңге аударған.   

Қуаныш Сүлейменов, облыстық Мәслихат төрағасы:

- Құрметті жерлестер барлықтарыңызға мың да бір рақмет! Осындай қиын уақытта біздің облысымызда болып жатқан жағдайға қол ұшын создыңыздар. Әрқайсыңыздан көмек келді. Сол көмек бүгінгі таңда жеткілікті. Осыдан кейін көмекті жіберіп қажеті жоқ.