Павлодар облысында орманға кіруге шектеу қойылды

Аптап ыстыққа байланысты Павлодар облысында өрт қаупінің ең жоғарғы 5-ші деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазір ормандарға кіруге шектеу қойылды.

Биыл облыстағы орман шаруашылығы мекемелері өрт сөндіру техникаларымен 87%-ке қамту жоспарланған. Аймақта орманды қалпына келтірудің кешенді жоспары жүзеге асып жатыр. 5 жылда 20 мың гектар алқапқа 106 миллион түп көшет егілуі тиіс.   

Сағын Төлеутаев, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы жылдың аяғына дейін осы 3 орман қорғау мекемелерін 10 шағын өрт сөндіру кешендері, 3 шағын кешенмен жабдықтау, одан кейін патрульға 95 мотоцикл алу көзделген және де тағы қосымша 6 өрт сөндіру машинасы. Орман қорғау мекемелерін жабдықтау деңгейін, мысалы, осының бәрін қортындылай келе, мына қазіргі таңда 62%-тен 87%-ке дейін көтеру жоспарланып отыр.

Руслан Төлепбаев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының  басшысы:

- Ағымдағы жылы орман өртін ерте бастан анықтауға мүмкіндік беретін құрылғылар алу үшін республикалық бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінді. Бейнекамералар тұтану кезінде жақын маңда орналасқан орманшылықтың диспетчерлік пунктіне хабар береді. Бұл жалын шарпыған аумаққа күш пен құрылымды шұғыл түрде жұмылдыруға ықпалын тигізеді.