Жастар арасындағы нашақорлықпен күресетін уақыт келді

Соңғы кездері жастар арасында тыйым салынған есірткіге құмарлық артып барады.

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайға қатысушылар осыған заң аясында шектеу қоюды ұсынды. Себебі синтетикалық есірткінің жарнамасы әлеуметтік желілерде де жиі кездесе бастаған. Құзырлы органдар бүгінге дейін осыған қатысты 2 мыңнан астам заңсыз сайт бұғаттаған. Оны табыс көзіне айналдырғандар буыны бекіп, оң-солын танымаған жастарды шырмауықтай шырмап барады, дейді алқалы жиынға қатысушылар.  

Айгүл Орынбек, Ұлттық құрылтай мүшесі:

- Жастар арасындағы нашақорлыққа жеке көңіл бөлгені ұнап отыр. Тәртіп сақшылары, алдағы уақытта Парламент депуаттары, үкімет осыған арнайы заң шығарып, жастар арасындағы нашақорлықпен күресетін уақыт келді. Оны біз кейінге қалдырмауымыз керек. Себебі бізге дені сау ұрпақ керек. Осы айтылған ұсыныстардың барлығы жақынарада қолға алынп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.