Қорғалжын қорығындағы қамыс өртінің беті қайтты

Қорғалжын қорығындағы қамыс өртінің беті қайтты

Қорғалжын қорығындағы қамыс өртінің беті қайтты.

Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, Сарыкөлдегі отқа оранған қамыс аумағы оқшауланды. Қызыл жалын 8 жерден шалған, қазір оның жеті ошағы сөндірілді. Өртті өшіруге 23 техника, 78 адам, және 2 жүзу құралы тартылды.  Батпақты аумақ пен кірме жолдың жоқтығына байланысты  "Қазавиақұтқарудың" су төгетін құрылғысы бар 2 тікұшағы тартылды. Осылайша әуеден 288 тонна су төгілді. Елді-мекендерге қазір қауіп төніп тұрған жоқ, дейді мамандар.