Банк: күзет дабыл пернесін басып үлгерді

Күзет қарулы адамның басқыншылық мақсатта келгенін білген бойда бірден дабыл пернесін басқан, - дейді банк қызметкерлері.

Осыған байланысты полиция оқиға орнына тез жеткен. Кепілге алынғандарды босату операциясы 2 сағатқа созылды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ, ешкім зардап шекпегенін жаңа айттық. Оқыс оқиғаға тап болған барлық адамға қажетті қолдау көрсетіледі. «Қызметкерлеріміздің және олардың отбасыларының атынан құқық қорғау органдарына тез әрі кәсіби қызметі үшін алғысымызды білдіреміз», - делінген банк хабарламасында.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, банкке шабуылдаған ер адам наркологиялық диспансердің есебінде тұр.