Ақсайда қарияларға арналған орталық ашылды

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында қарияларға арналған орталық ашылды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен құрылған орталыққа 90-ға жуық зейнеткер күнделікті келеді. Ең үлкені 87 жаста. Мұнда аға буын өкілдері шет тілдерін үйренеді,  компьютерлік бағдарламаларды меңгереді, ән салып, би билейді, түрлі спорттық үйірмеге қатысады, заңгер мен психологтың жәрдеміне жүгінеді. Және осының бәрі тегін. Ең бастысы қоғамнан тыс, үйде қамалып қалмай, бос уақытын тиімді өткізеді. Мұның барлығы олардың көңіл-күйлерінің көтеріліп, ұзақ жасауына септігін тигізеді- дейді мамандар. 

Рауза Байболатова, зейнеткер:

- Өте қуаныштымын келгеніме. Денсаулығым да жақсы болып келе жатқан сияқтымын. Қыздарымыз өте бізді жақсы тәрбиелейді, күтіп алады, шығарып салады. Өткенде Оралға барып демалып келдік. Қыздарымыздың беріп жатқан өнері де жақсы. Ойнап жатымрыз, демалып жатырмыз.

Аида Мектепқалиева, орталық жетекшісі:

- Күнделікті 30 адамнан келеді. Таңертеңнен бастап спортпен  шұғылданады,  информатика сабақтары болады. Психолог пен заңгердің кеңесін алады. Және әртүрлі тақырыптық семинарлар болады. Және де күн сайын спортпен шұғылданады.  Жақында үстел теннисі столын алдық. Үстел теннисін ойнайды. Әр мейрам сайын олар мейрамды тойлайды.