Астанада өрт әлі сөндіріліп жатыр

Астананың түбінде жанып жатқан өрт әлі сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талдыкөлдің маңында қураған шөп кешеден бері өртеніп жатыр. Алдын-ала мәлімет бойынша, тілсіз жаудың аумағы – 80 гектар. Жалынның бетін қайтаруға 150 адам, 21 техника жұмылдырылған. Орман мен тұрғын үйлерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ,- дейді мамандар.