Волонтёрлер елордада бас қосты

Елордада халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

2 күнге созылатын шараға 30-дан аса мемлекеттің өкілі мен елдің әр өңірінен жиналған делегаттар келді. Басты мақсат – халықаралық волонтерлікті дамытып, өзара тәжірибе алмасу, берік байланыс орнату. Шарада төтенше жағдайда жұдырықтай жұмылып, зардап шеккендерге көмек көрсеткен еріктілердің ерлігі көрсетілді. Сонымен қатар алғашқы көмек көрсету, қайта өңдеу сынды шеберлік курстары ұйымдастырылды.

Форум аясында барлығы 11 сессия өтеді. Оған 40-тан аса спикер қатысады. Жиын қортындысы бойынша елдегі волонтерлікті дамытудың жаңа тәсілдері әзірленеді.

Мадияр Қожахмет, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы:

- Белсенді қызмет жасап жүрген 200 мыңдай волонтерді білеміз. Олар қазволонтер сайтында тіркеліп, маңызды шараларға қатысуға белсенділгін көрсетіп жатыр. Сонымен қатар 200-ден аса ұйым бар. Сондықтан да волонтерлік қызмет жақсы дамыған деп айтуға болады.