Елімізде еріктілер саны төрт есе артты

Төрт жылда еріктілер қатары төрт есе ұлғайды.

Қазір елде 700 шамасында еріктілер ұйымы бар. Бұл ұйымдар сапында 200 мыңнан астам ерікті тер төгіп жүр. Бұл туралы Астанада өткен еріктілер форумында айтылды. Тағы бір атап өтер жаңалық, енді еріктілердің мәртебесі мен өтілі жұмысқа алынарда есепке алынатын болады.

Чи Фан, АӨСШК Бас хатшысының орынбасары:

- Еріктілер біздің өмірімізде маңызды рольге ие. Кез келген адамға көмек керек болады. Ал еріктілер үнемі қол ұшын созуға дайын. Міне бір-бірімізге жанашырлық танытып, үлгі көрсетуіміз керек деп ойлаймын. Жастар үшін бұл үлкен өнеге екені сөзсіз.