Қарағандының Доскей ауылында қараусыз қалған үйлер қалыпқа келтіріледі

Тоқырау жылдарында Қарағанды облысының іргесіндегі Доскей ауылында біраз көп қабатты үй қараусыз қалып тоналған.

Бірақ көп жыл бойы иесіз тұрғанмен, сыны кетпеген. Енді екі үй қалпына келтіріледі. Қазір мердігер құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Әзірге маңайындағы қоқысты аршып жатыр. Ауыл әкімінің айтуынша, жөндеу жұмыстары келер жылы аяқталып, 60 отбасы баспаналы болады. Қазір ауылда 154 адам үй кезегінде тұр.

Ерболат Тоқмырза, Доскей ауылының әкімі:

- 11 категория бойынша, сол очередьте тұрған адамдарға тұрғын үй бөлімі бойынша сол кісілерге беріледі. Биыл бізде модульный котельный салынып жатыр. Соның күш-қуатын үлкейтуге биыл 2 мегаваттық тағы котел қояйын деп жатырмыз. Былтыр да екі мегаваттық котел қойылған. Жылу мәселесі бізде шешіліп жатыр. Биыл трасса тартылады.