Жамбыл облысында 12 мыңға жуық волонтёр бар

Олардың бір тобы мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтыса, енді бірі із-түзсіз жоғалған тұрғындарды іздеумен айналысады.

Қанат Нүрекеев бастаған еріктілер тобын пандемия табыстырды. ВолонтерЛЕР тобы карантин кезінде күн сайын оттегі толы мыңнан аса балонды емханаларға жеткізіп отырды. 80 ге жуық ерікті бүгінде жақсылық істерін жалғастырып жатыр. Олар мұқтаждарды жұмыспен қамтып, мүгедектік ала алмай жүрген жандарға жәрдемдеседі. Жыл ішінде 200 отбасыға көмек қолын созған.

Қанат Нүрекеев, қоғамдық қор жетекшісі:

- Жер алып жатақхана ретінде соқпақшымыз. Өйткені қазір көп балалы аналарға үй кезектерінен үй алғанша уақыт та. Мынау пәтерді жалға алу үшін 100 мыңның үстіне дейін шығып кетеді. Сондықтан сол кісілерге 15-20 мыңның аралығында паналап, сол жердегі су газ соған ғана светіне ғана ақшасын төлейтіндей сондай «Домалақ ана» үйі ретінде сондай үй соқсақ па деген ойдамыз.

Ал Рустан Тәшметов бастаған еріктілер тобы баспанасыз отбасылардың үйлі болуына жәрдемдеседі. 50 ерікті екі жыл ішінде 15 отбасын қуантқан. Дегенмен пәтер кез-келген тұрғынға берілмейді. Қайырымдылық қорының өзіндік талаптары бар.

Рустам Ташметов, волонтер:    

- Біріншіден ол мұқтаж адам болуы керек. Көп балалы отбасы болу керек. 4 баладан жоғары. Құжаттарының бәрін тексереміз. Ол АСП-ға қараймыз. Пасобия. Адресная справка аламыз. Қанша бала шаға бар отбасында. Қай жерде тұрады.

Замира Байқұлова бұған дейін 18 жыл пәтер жалдап тұрған. 6 балалы жалғызбасты анаға қайырымдылық қоры пәтер сыйлады. Алғысын жаудырған ана бұған дейінгі жиған ақшасы үй алуға жетпегенін айтады.

Замира Байқұлова, Тараз қаласының тұрғыны:

- Айына мысалы пособия нелердің бәрін қосқанда, комуслуга келіп қалады, квартплата келіп қалады, балалардың тамағы, өзіміздің тамағымыз. Сезонмен киім аласың. Алмасаң ол да болмайды. Аяқ киім деген тез жыртылып қалады. Сондықтан жинай алмадық, жиналмайды ондай ақша. Волонтер груп 08 Асар-уме және де осы халқым жинап берген осы үйді алуыма.

Николай Чагай бастаған еріктілер болса жақынын жоғалтқан жандарға жәрдемдеседі. Волонтерлар Полиция департаментімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Әлеуметтік желілер мен көшелерге жадынама таратады. Іздеу жұмыстары нәтижесінде жыл басынан бері 76 тұрғынды тапты. Жалпы 4 жыл ішінде мың жарымға жуық із-түссіз жоғалған жанды отбасымен табыстырған. Еріктілер елдің алғысы ерекше мотивация беретінін айтады. Бүгінгі күні аймақта 12 мыңға жуық волонтер бар. Жан жағына қуаныш сыйлап жүрген бұл жандарды бүгінгі күннің батырлары десек артық болмас.

Авторлары: Мерей Бает, Руслан Ахатіллә