Гондурастағы әйелдер түрмесінде 41 адам қаза болды

Гондурастағы әйелдер түрмесінде бүлік шығып, 41 адам қаза болды.

Тағы 16 кісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиға Тамара қаласындағы түзету колониясында болды. Марқұмдардың бәрі жазасын өтеп жатқан әйелдер еді. Бүлік екі қылмыстық топ арасындағы қақтығыстан туған. Сотталушылар бір-біріне қару қолданып, түрмеде өрт шыққан. Соның салдарынан сотталушылардың көбі камераларынан сыртқа шыға алмай, көз жұмған.