Ұлытау облысында 100 жылдық тарихы бар тапанша табылды

Ұлытау облысында Жаңаарқа тұрғыны үйінің ауласында жертөле қазып жатқанда, жүз жыл бұрын жасалған тапаншаны тауып алды.

Ұзақ уақыт бойы топырақ астында қалған қаруды тот басқан. Сыртын ораған газет қиындылары да шіріп кеткен. Криминалистер қарудың НАМБУ тапаншасы екенін анықтады. 1945 жылға дейін шығарылған қару жапон императорының армиясына тиесілі болған. 1937 жылы Жапон-Қытай соғысында қолданылған.

Ерсін Тәжмағанбетов Жаңаарқа ауданының тұрғыны:

- Бұрын бұл үйдің орнында ескі үй болған. Бізден бұрын. 2015 жылы бұзып, қайта үй салдық. Сол ескі үйдің орнынан салайын деп жатқан ас үйдің жертөлесін қазып жатып 1 метр жерден таптым

Бауыржан Қалыбеков, облыстық ПД Жедел криминалистикалық басқармасының бастығы:

- Қазір жәдігер баллистикалық зерттеуде. Баллистикалық зерттеуден кейін бұның сыртқы келбетін қалпына келтіреміз. Яғни, коррозия болған зарттарын бәрін тазалап, кейіннен тарихи жәдігер болғандықтан облыстық музейге тапсыруға рұқсат аламыз.