Елімізде 1500 сарбазға жоғары білім гранты берілді

Көктемде әскерден келген 1500 сарбазға жоғары білім гранты берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сертификаттарды Қорғаныс министрі табыстап, әскери борышын өтегендерді құттықтады.

Жобаға 12 600 сарбаз қатысқан. Жоғары балл алған азаматтар Қазақстандағы 70-тен аса жоғары оқу орнында білім алады. 354 сарбаз әскери қызметті таңдапты. Қорғаныс министрлігі бұл жобаны қоғам жақсы қабылдағанын айтады. Сондықтан ақысыз білім беру гранттарын көбейтуді жоспарлап отыр.

Ербол Құмарбекұлы, Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы:

- Ең жоғары балл жинаған әскер қызметкерлеріне сертификат тапсырылды.  Сол сертификатпен сарбаздардың барып, өздері таңдаған университетте ақысыз білім алуға мүмкіндіктері бар. Бұл бағдарлама, менің ойымша, өте дұрыс істелінді. Одан кейінгі жылдарға грант саның одан әрі көбейтсек, бұдан да жақсы болады деген ойдамыз.

Мейіржан Серікұлы, сарбаз:

- Баға қоямыз деген кезде менің және көптеген менімен бірге қызмет еткен балдардың ынтасы ашылып, оқуға деген көңілдерін аудара бастады.