Түркістан облысында дала өрті азаймай тұр

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, осы айда 513 өрт оқиғасы тіркелген.

Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе көп, - дейді мамандар. Аудандарда күніне 20-30 шақыртуға дейін түскен. Мамандар көбіне жол бойындағы құрғақ шөп жанатынын айтады. Көп жағдайда оған адами фактор әсер етеді,- дейді.

Құтқарушылар өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында өңірде 171 рет арнайы рейд ұйымдастырып, 74 тұлғаға 1 млн теңге көлемінде айыппұл салған. Облыс аумағындағы 12 орман шаруашылығында 3 млн гектардан астам орман қоры бар. Алайда мамандар өңірде өрт сөндіру техникаларының жеткіліксіз екенін айтады.

Өрттен бөлек, суға кету оқиғасы да азаймай тұр. Облыста шомылу маусымы басталмай жатып, 21 бала суға кеткен.

Асанғали Төлепбегенов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Көп жағдайда шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алып отыр. Белгіленген шомылу орны емес, арықтың жағасы, судың жағасын, көбінесе балаларды аулада қараусыз қалдырып кетіп жатқан жағдайлар да болып жатыр. Бала арыққа, су қауызына түсіп кеткен жағдайлар болып жатыр. Бірінші ата-ана жауапты. Одан кейін шомылу, жүзу қаупін үйрету үшін ата-аналардың чатына кіріп алғанбыз қазір біз. Сол чаттарға қауіпсіздік туралы салып отырамыз.