Астанада А.Тшановтың мемуарлық кітабының тұсаукесері өтті

Елордада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшановтың мемуарлық кітабы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туынды «Айырылу, табысу және арылу туралы толғам» деп аталады. Тұсаукесер рәсіміне халық қалаулылары мен зиялы қауым қатысты.

Бұл – автордың үшінші кітабы. Биыл 80-ге толған Амалбек Тшанов саналы ғұмырында облыс басқарды, депутат болды, бірнеше жыл министр қызметін атқарды. Өмірден түйгенін кітапқа арқау еткен. 

Амалбек Тшанов, кітап авторы:

- Менің үлкен ұлым Канадада оқыды. Сол екеуміз келе жатып, Амстердамның әуежайында отырып, көп әңгімелестім. Сонда ғана уақытым болды сонымен сөйлесуге. Кітап сол кездегі екеуміздің арамыздағы әңгімеден басталады. Сол маған үлкен кітап жазуға түрткі болды. Бойыма жинаған-тергенімнің бәрін де халықтың алдында тазаланғандай сезімге бөленейін деп соның бәрін жазып бітірдім. Сондықтан аты солай болды.