Бурабайда пикник алаңдары салынды

«Бурабай» ұлттық табиғи паркінің аумағында алғаш рет пикник жасайтын 35 алаң салынды.

Оның тоғызы тынығу орны. Ал қалғанында от жағып, тамақ пісіруге болады. Олар Үлкен және Кіші Шабақты көлі жағасындағы демалыс орындарында орналасқан. Мұнда туристерге барлық жағдай жасалған. Шағын алаңқай, кәуап пісіретін арнайы орын бар. «Бұл өрттің алдын-алып, жағажайдағы экологиялық тазалықты сақтауға мүмкіндік береді», - дейді кәсіп иелері.

Дәурен Пернебаев, серіктестіктің бас директоры:

- Кісілерге өте ыңғайлы. Бұрында мысалы адамдар өздері тамақ пісіріп жүруші еді. Бұл өртке қауіпті. Сондықтан өрт қаупі болмасын деп орман ішінде емес, көлге жақын ағашы жоқ жақта осындай пикник зоналар орнаттық. Инспекторлар келіп тазалап тұрады. Адам көп болса бір сағаттан кейін қайта шашылады. Сондықтан адамдарды экологиялық тәртіпке үйрету керек.