Бурабай курорттық аймағында орманда адасқан адамды смарт жүйе арқылы табады

Бурабай курорттық аймағында орманда адасқан адамды смарт жүйе арқылы табады

Бұдан былай Бурабай курорттық аймағында адасқан адамдар мен заңсыз балық аулаған браконьерлерді смарт жүйе арқылы анықтауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи парк аумағында қауіпсіздікті қадағалайтын 29 камера орнатылды. Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 30-дан астам құқықбұзушылық анықталып, бір браконьер ұсталды. Сондай-ақ парк аумағында адасып қалған туристерді смарт жүйе арқылы оңай тауып алуға болады.

Сергей Агибалов, «Бурабай» МҰТП Жедел басқару орталығының операторы:

- Егер адам адасып кетсе, біздің мұнараларда байланыс қондырғылары бар. Сол арқылы ол жедел басқару орталығының операторларына хабарласа алады. Сондай-ақ біз браконьерлерді ұстауға көмектесеміз. Ал қыста көліктердің көл бетіндегі мұз үстімен жүруіне жол бермейміз.